Ерболат Берікұлы Шубаев

 

 

Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи - өлкетану музейінің басшысы

 

Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи - өлкетану музейінде 2008 жылдан бері жұмыс істейді. Музей саласында  12  жылдан астам еңбек етіп келеді.

Мамандық біліктілікті арттыруға Қарағанды облыстық музейінде 2 рет курстық оқуда болды.

Еңбек жолында 2008 жылы «Ашық Азия – Ашық музей» атты ІІ фестиваліне қатысып Сертификатқа ие болды.

2009 жылы Қарағанды облыстық музейінің ұйымдастыруымен «Музей көктемі» атты фестиваліне қатысып өз тәжірибесін көрсетіп Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейі ІІІ дәрежелі Дипломға ие болды.

2012 жылы Қарағанды облыстық музейінің 80 жылдық мерейтойына орай «Тарих беттері сыр шертеді» атты фестивальға қатысып өз үлесін қосты.

2014 жылы «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының «Жаңғырық» интеллектуалдық сайысында «Арқа» тобының капитаны ретінде қатысып үздік деп танылып Дипломмен марапатталды.

Жаңаарқа ауданы әкімі мен мәслихаттың Құрмет грамотасымен және Жаңаарқа ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Қоғам қайраткері, дауылпаз ақын, жерлесіміз Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық және Жаңаарқа ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне зор үлес қосқаны үшін Жаңаарқа ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

2020 жылдың 12 тамыз күнінен бастап Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи - өлкетану музейінің басшысы болып тағайындалды.