Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи- өлкетану музейінің экскурсиялық залдардың маршруты
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК ҰОС ардагері, тарих мұғалімі, Жаңаарқа ауданының құрметті азамататы болған Далбай Ізтөлеуовтың бастамасымен және сол кісінің жеке еңбегімен 1960 жылдардан бастап аудан тарихынан жәдігерлер жинала бастады. Алайда музей 1984 жылы Сәкен Сейфуллинің 90 жылдық мерейтойына орай ресми түрде ашылды.Музейде басшы болған азаматтар: 1984 – 1993 жылдары Манат Қасенова, ал 1993 жылдың соңынан 1994 жылғы тамыз айына дейін Бақтияр Көшмағанбетов басшылық етті. 1994 жылғы 10-ші қазаннан 2006 жылғы тамызға дейін Хамит Дәрібаев. 2007 жылдың 17 қаңтарынан 2019 жылдың 22 мамырына дейін музей басшысы Аманов Зәмзәм Мияшұлы. Қазіргі уақытта музейді Жангелдина Күлгадиша Уайсқызы басқарады.
Музей 4 бөлімнен тұрады.
- «Дара тұлғалар» залы
- «Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы» залы
- «Жаңаарқа тарихы» залы
- «Этнография» залы
Музей көлемі- 301,1 ш.м, оның ішінде экспозициялық көрме залдары – 230,5 ш.м..
Музейдің кіреберісінде Сәкен Сейфуллин суреті
«Дара тұлғалар» залы
Күйшілер Сайдалы Сары Тоқа, Дайрабай Ерназарұлы портреттері қойылған. Қобызшы Ықылас Дүкенұлы портреті де қойылған.
Шыны астында Әбікейдің қобызы қойылған.
Шоң бидің бейнесі бейнелеген суреті, губернаторға жазған хаттарының көшірмесі, Қызылағаштағы Шоң бидің тамының суреті ілініп тұр.
Жалпы қазақ жұрты білген батырлар – Нияз, Нұрбай, Байдалы бидің портреттері ілініп тұр. Портреттерді суретші Ораз Мақаев салған.
Шыны астында Нұрбай батырдың өмірбаяны жазылған кітап, журналдар және сувенир қанжарлар тұр. Нияз батырдың тұсындағы аталық кестесі тұр Төлебай сал бейнесі тұр. Бақсы Балабақсы суреті және зиратының суреті ілініп тұр. Шыны астында Төлебай сал, бақсы Балабақсының өмірбаяны жазылған Сарыарқа журналы, Нұрмағанбет бақсының суреті тұр
Ақселеу Сейдімбекке арналған бұрыш. Бұрышта Ақселеудің бюстісін Иманғали Тасмағанбетов жасаттырған. Шыны астында костюмы, жидесі, топысы, нардысы, қойың дәптері, кітаптары, өз ұстаған қаламы, тарағы, бәкісі, өрген қамшысы, шақша ыдысы және есімхаттарын Ақселеудің өзінің өсиетімен Жаңаарқа музейіне тапсырылған.
Академик Серік Қирбаевқа ашылған бұрыш. Қабырғада С.Қирабевтің бейнесімен тоқылған кілемше ілініп тұр. Шыны астында былғары сөмкесі мен папкасы, кітаптарі қойылған.
Академик Ғабдолла Құлқыбаевқа ашылған бұрыш. Кабырғада Ғ.Құлқыбаеврың бейнесімен портрет ілініп тұр. Шыны астында былғары папкасы, электірлі ұстарасы, ұялы телефон салатын былғары қабы, бәкі салатын былғары қабы кітаптарі қойылған.
Түйе палуан Битабар палуанның дене шынықтыруға күнделікті пайдаланған салмағы 200 кг тасы және шапаны.
Қанат Байшолақовтың Испанияда киген киманосы, Қанат Байшолақовтың бейнесі бейнеленген сурет ілінген, Кубоктары, өмірбаяны жазылған кітаптарі
«Туған жер табиғаты» диорамасы. Диорамада Қараағаш мекенінде Бұзаубұлақ деген жердің табиғаты бейнеленген. Диорамада Қызыл кітапқа еңген киіктің аталығы мен аналығы, түлкі және кекілік көрсетілген. Диорама авторы суретші Ғазиз Жұмабеков.
Публицист-журналист, аудармашы, жазушы Марал Хасенге ашылған бұрыш. Марал Хасенің жеке, отбасымен, достарымен түскен фотосуреттері, грамоталары ілініп тұр, шыны астында Марал Хасен ұстаған қалта сағаты, төсбелгі, көзілдірігі, ұялы телефоны, бәкісі, бәкі қабы, атаулы қасығы, қаламы қорабымен, таспиғы, топысы, орамалы, электрлік ұстарасы, қойын дәптері қойылған.
Шыны астында XX ғасырда Бәкір молданының құран кітабі, Меккеден әкелген янтарь тасты тәшпісі, Меккенің құмы қойылған.
Ауданымыздан шыққан молдалардын фотосуреттері стендте ілініп тұр.
Саты.
Сәкен Сейфуллиннің кілемге тоқылған бейнесі.1964 жылы Сәкенге 70 жыл толуына байланысты Алматы тоқыма фабрикасы жасаған. Күйші Сайдалы Сарытоқаның портреті. Ақселеу Сейдімбеков, Әбу Насыр Әль-Фараби, Яссауидың бейнелерімен тоқылған кілемшелері қабырғада ілініп тұр.
«Сәкен Сейфуллин өмірі және шығармашылығы» залы
«Сәкеннің арғы - тегі, туыстары» бөлімінде Сәкеннің әкесі Сейфолланың, анасы Жамалдың портреттері ілініп тұр. Cәкеннің ру шежіресі жасалған. Гүлбаһрамнын қызы Лаурамен, Сәбит Мұқановтың әйелі Мариямен, және 1960 жылы жеке түскен суреттері. Мәжит Сефуллиннің, Айнабековтер отбасының, Абдолла Асылбековтың, Салық, Жақия Айнабековтердің, Мәжиттің күйеу баласы Қарпық Құсайыновтың, Әбен Тұрмағанбетовтің, Әбдіғалым Жәмпейісовтің суреттері тұр.
Сәкен Сейфуллиннің кезіңдегі күй табақ, Сәкеннің бірінші әні жазылған пластинка, Сәкен пайдаланған етік құралдары тапсырған Асқартегі Тайтөлеу, Сәкен ұстаған ыдыс аяқтар ақұман және 2 кесе тапсырған Мәжит Сефулиннің жұбайы Әмина шыны ішіне қойылған. Сәкен Сейфуллиннің шәйі шапаны Өзбекстанға іс –сапарда болғанда Сәкенге тарту ретінде берілген.
«Өсу жылдарында» Сәкен 1903 – 1905 жылдары бөлімі. Өспенде оқыған мектеп үйі сақталған – сол үй көрінісі, Омбыда оқыған үйі, ұстазы Александр Никитич Седельниковтің суреті.
«Төңкеріс жылдары» бөлімінде Н.Нұрмақовтың, З.Катченконың бейнелері бар. Сәкенмен бірге оқыса, кейінгісі ақын - революционердің Ақмоладағы Совдеп құрысқан жолдасы, Мұқан және Бәтима Әйтпеновтердің және олардың Омбыдағы үйінің суреттері ілінген. 1919 жылы наурыз айында Омбы түрмесінен қашып шыққанда Сәкен осы үйде жасырынған.
«Тар жол, тайғақ кешу» диорамасы. Бұл диорамада Ашайдың әңгімесін тыңдап отырған Сәкен Сейфуллин, бәйбішесі қазан асып қарапайым отбасы бейнеленген.
«Зұлмат жылдары» бөлімінде Сәкеннің түрмедегі ең соңғы суреті. Сәкеннің әкесі Сейфолла суреті тұр. Сәкеннің досы Әлкей Өтекиннің, туыстары Мұқажан Сарбиевтің, Иса Рүстембековтің, Сәкенге байланысты «Протокол обыска», «Приговор», «Справка о выполнении казня» құжаттар көшірмелері бар.
Иманақ тауы көрінісінің астына Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» өлеңінің төрт шумағы келтірілген. Ауданымыздың Б.Амалбеков атындағы мектеп оқушыларының түрлі тәсілдерімен жасалған Сәкен Сейфулиннің 120 жылдық мерейтойына арнап берілген тартулар.
Шыны астында Сәкеннің шығармалар топтамасы «Тернистый путь», «Айша», «Хамит в погоне за бандитом» «Сыр сандықты ашып қара», «Қызыл сұңқар» күй табағы, Сәкен Сейфуллин туралы жазылған кітаптар, Сәкеннің уақытында ұстаған былғары портфель Кеңес Үкіметі кезінде 30-50 жылдары қолданған жазу машинкасы, май шам, шойын үтік, «Зингер» іс машинасы қойылған.
«Сәкен тойына тартулар» бөлімінде Ақсудан Ілияс Жансүгіровтің бюсті, Сәкеннің Астаналық туыстары сыйлаған қара құмыра және екі қызғылт құмыралар, Ақтоғайдан Сәкен портреті тұр.
Сәкентанушыларға ашылған бұрыш. Сакетанушы Тұрсынбек Кәкішов, Серік Қирабаев, Ғалым Жайлыбаев, Амантай Какен фото суреттері ілініп, кітаптары қойылған.
«Сәкен ел есінде» бөлімінде Мәжит Сейфуллиннің Жанаарқа жұртшылығымен суреті. 1994 жылы Сәкен мерейтойының қарсаңында Астанадағы С.Сейфуллин музейінің қызметкерлерінің Жаңаарқаға келу сәті бейнеленген.
Болат Қайранбековтың шиден тоқылған Сәкеннің портреті, Қызылордадан тарту Сәкен Сейфуллин және Ахмет Байтұрсыновтың күріштен жасалған портреті, Бейімбет Майлиннің майлы бояумен салынған портреті.
Сәкен Сейфуллиннің бюстісін 90 жылдық мерейтойына орай Н.И.Чугуевтың тапсырысымен В.В.Андрющенко мусінші гипстен жасаған. 1984 жылы 5 маусым күні Алматыдан Жаңаарқа жеткізіліп, суретші Н.И.Чугуев музейге арнайы тапсырылды.
«Жаңаарқа тарихы» залы
Көне заман айғақтары сыр шертеді атты бұрышта тарихи көне - ескерткіштер – кезінде Шоқан Уәлиханов жазбасы бойынша 9 – 11 ғасырларда жасалды деп шамалаған «Жұбан ана» ескерткіші өткен ғасырдың 80 жылдары қайта өңделген. Музейде сондай-ақ белгілі азаматтардың мазарларының архитектуралық өзгешелігі бар бейіттердің суреттері бар. Оның ішінде атақты Бәйеш батырдың, Құтжан қажының бастарындағы ескерткіштердің көріністері берілген.
Шыны астында қола дәуіріндегі құмыра сынықтары, найза және садақ ұштары және алтын моншақ тұр.
Қола дәуіріндегі диораманы жасаған суретші Ғазиз Жұмабеков.
«Ауданның құрылуы». 1928 жылғы 3 қыркүйекте «Асанқайғы» атанып, 1929 жылғы 16 тамызда «Жаңаарқа» болып өзгерген. 1929 жылы «Жаңаарқа» болып өзгергеннен бастап аудан құрылуында еңбек еткен тұлғалардың суреттері ілінген.
«Ашаршылық зобалаң жылдары» бөлімінде сол жылдары репрессия құрбандарының фотосуреттері, ашаршылық жылы қайтыс болған жерлестеріміздің жерленген Қарамоладағы зиратының фото суреті, сол жылдары еңбек еткен қайраткерлердің суреттері қойылған.
Келесі стендте 1929 жылдан бері Жаңаарқа ауданы құрылғаннан бастап Кеңес заманында басқарған төраға, хатшылар Пазенко, М.Шакенов, Ж.Шайдаров және Тәуелсіздік алғаннан бастап алғашқы әкім А.Әбдіғанов, С.Шайдаров, Х.Омаров, С.Оспанов, Ғ.Омаров, қазіргі әкім Ю.Бекожиннің фотосуреттері қойылған.
«Теміржол» Жанаарқа тарихындағы тағы бір үлкен сала. Жаңаарқаға теміржол 1936 жылы жайдақ жермен тартылды. 1925 жылы Түрксиб құрлысына қатысқан Ленин және Еңбек Қызыл Ту орден иегері Әбіл Байбосынов және басқа ардагер теміржолшылардың бейнелері ілінген.
1936 жылғы Жарық – Жанаарқа теміржолының құрылысы диорама жасаған суретші Ғазиз Жұмабеков.
Арнайы стендтте ауданымызға алғаш келген паровоз, вагон макеті, қайланың басы, зілбалға басы, теміржолда пайдаланған арба, теміржолда қолданған май шам, телефон, пролоз балғасы құралдары қойылған.
«Ұлы Отан соғысы» Кеңес одағының Батыры Амантай Даулетбековтің, соғыс ардагері Хамит Тойынбековтің, Асайын Мұсабековтың, Төлеу Оспановтың және басқаларының суреттері бар. Мұнда Cовет әскерінің каскасы, Cовет әскерінің офицерінің планшеті (тапсырған Мұхамедия Мейізбеков), «Зерде» кітабы, Отан соғысына қатысқандардың суреттері бар альбом, Нұрлан Омаровтың соғыс кезінде майданға көмек – қаражат жиғандағы туралы құжат және ҰОС ардагері Бюдеш Әкішовтың соғыс кезінде ұстаған қалта сағаты бар. Неміс әскерінің каскасы және кружкасы да тұр.
Шыны астында Ұлы Отан соғыс ардагерлері Төлеу Оспанов және Асайын Мұсабековтың, музей негізін салушы Далбай Ізтілеуовтың орден-медальдары, костюмы және құндыз бөрігі бар.
1954 жылы тың және тыңайған жерді игеру диорама жасаған суретші Ғазиз Жұмабеков.
«Ауылшаруашылығы», «Медицина», «Білім», «Ғалымдар», «Қолөнершілер», «Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткерлер», «Ауған соғысына және Чернобыль АЭС апатына көмек берген сарбаздар», «Ақын және жазушылар», «Мәдениет» және «Спорт» бөлімдерінде өздері еңбек еткен салаларда абыройлы болған ел азаматтарының бейнелері бар. Төменгі сөрелерде әр салада қолданған құралдар қойылған: қол іс машинасы, аяқ электр машинасы, тігін цехында қолданған іс машиналар, механикалық есептеуіш машина «Феникс», үстел лампысы, күй табақтар қойылған.
Бокстан қазақтан шыққан алғашқы спорт шебері Ғалым Жарылғаповқа арналған бұрышта әр жылда өткізілген турнирлердің сувенирлері шыны астына қойылған.
Жеке стендте Жаңаарқа ауданының тарихына зор еңбек сіңірген қайраткерлер Жанайдар Сәдуақасұлы, Мұқажан Жұмажанов, Шәбден Ералиев және Әңгелбай Әлихановқа арнайы бұрыш ашылған.
Шәбден Ералиевқа ашылған бұрышта Ш.Ералиевтің фото суреттері, құжаттары көшірмелері қойылған.
Жанайлар Сәдуақасовқа ашылған бұрышта Ж.Сәдуақасовты фото суреттері, құжаттарының көшірмелері ілінген.
Әңгелбай Әлихановқа ашылған бұрышта Ә.Әлихановтың фото суреттері, құжаттарының көшірмелері ілінген.
Мұқажан Жұмажановқа ашылған бұрышта М.Жұмажановтың фото суреттері, құжаттарының көшірмелері ілінген.
Залдың ортасына шыны астында Жаңаарқа ауданының пайдалы қазбалары қойылған.
Шыны астында нумизматиканы Ерік Қуаныбеков өткізген 1898 жылғы, 1917жылғы, яғни, Ресей империясы, Кеңес заманының және шет елдердің ақша монеталары қойылған.
Шыны астында Қайролла Әбеуов өткізген винтовка - 40 жылдары табылған, оғының гильзасы, тир мылтығы қойылған
Сонымен қатар, сөрелерге саз балшықтан жасалған алтын адам, бүркіт, Абылай бюстісін, үрмелі аспаптарды Ғазиз Жұмабеков және құран аяттары көрсетілген тастарды Жалын Сыздықов қолдан жасаған.
«Этнография» залы
Бибіғайша Халилақызы 1946-50 жылдары қолмен жасаған түскигіз. 1970 жылы Канадада көрмеде болған. Еденде бітпес және текеметтер жайылған.
Киіз басуға пайдаланған ши, шамамен ХХғ. орта кезі.
Ақтайлақ жеріндегі Карлагтың бөлімшесінің ғимаратының қирандысы жерінен табылған арба дөңгелегі.
Төрде киіз үйдің жартылай бөлшегі – шаңырақ, уықтар, керегелер, Рымкеш Әлтаева жасаған топы. Сәкен Сейфуллиннің 110 жылдық мерейтойына Ақтоғайдан тарту домбыра, ауданымыздың 80 жылдық тойына домбыра шебері Сарыбас Жүнісов жасаған домбырасы қойылған. Ақ киізден жасалған қоржын, кесеқап, жастықсалғыш, көрпешелер, әбдіре, адалбақан, қасқыр, түлкі және қарсақ терілері ішігі ілінген. Киіз үйдің ортасында дөңгелек үстелде ағаш табақша, тостағандар, майшамдар қойылған.
Шыны астында шолпылар, қапсырмалар, күміс және жез жүзіктер, күміс және жез білезіктер, шыны ішінде қыз, келіншек және әженің қазақ ұлттық киімі қойылған.
Тастан жасалған қол диірмені. Шамамен ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басы бидайдан ұн тартуға қолданған. Екі үстел сағаты 60-80 жылдардағы, Кеңес заманындағы қабырға сағаты қолданыста болған.
1839 жылы Тула зауытынан шыққан жез самаурындар 5, 8 және 10 литр көлемді. Қолдан жасалған ағаш ожаулары, темірден жасалған ожау, кепсерлер, ағаштан жасалған тостағандар қойылған. Шойын шөңке, мосы, иін ағаш және қазан тағанға қойылған.Қайын табақтар кіші, орташа, үлкен өлшемді стеллажда қойылған. Ағаштан жасалған үлкен және кіші өлшемді келілер қойылған. Шамамен ХІХ ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында қолданған.
Актаудан ұсталған 6 – 7 жасар және одан ересек арқардың мүйізі.
Ат әбзелдері үзеңгілер, доға, қамшы, шідерлер арнайы стендке қойылды. Күмістелген ер – тоқым. Ұста Рақымжан Смайылов жасаған.
Былғары етік, 40 күзеңнен жасалған ішікті тапсырған Бейбіт Хасенов, түлкі ішігі, Бекболат Тілеуханов сахнада алғаш киген шапаны, аудан құрылуында үлесін қосқан партия қызметкері Әлкен Оспанова киген көйлегі, орамалы және шапаны қойылған. Шыны астында ағаштан жасалған насыбай келі, мүйізден жасалған шақша құтысы қойылған.
Зал ортасында Ақтау бекінісінің көрінісі келтірілген. Авторы суретші Ғазиз Жұмабеков.
Атасу поселкесінен күншығысқа қарай 55 шақырымдай жердегі 1832 жылы салынған бекіністің орны, шашылған үйіндісі, айнала қазылған орлары, шегенделген құдығы негізінде жасалған. Бұл бекіністе 500 – дей казак ұстаған Рессей үкіметі Ұлытаудан Ақмола, Аягөзге дейін қазақ жеріне өктемдік жүргізбек болған. 19 ғасырдың 70 – жылдарына дейін тұрған сияқты. 1837 – 47 жылдарғы кезінде Кенесары хан сарбаздары бекіністі екі рет шапқан. Бекініс ішіндегі казармалар, офицерлер үйі, асхана, атқоралар, бітпей қалған шіркеу, зеңбіректер, биік қарауылдар орны суретші өнерімен өрілген, «Ақтау бекінісі» қатысты құжаттар, бекініс кірпіші шыны астына қойылған.