Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК ҰОС ардагері, тарих мұғалімі болған Д. Ізтөлеуовтың бастамасымен және сол кісінің жеке еңбегімен 1960 жылдардан бастап аудан тарихынан жәдігерлер жинала бастады. Алайда музей 1984 жылы 7 шілде күні Сәкен Сейфуллиннің 90 жылдығына орай ашылды. Тәуелсіздік алғаннан кейін қарқынды түрде дамыды. Әуелі Жаңаарқа аудандық мәдени-сауық орталығында 2008 жылға дейін болып, кейін Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына басқаруына өтті. 2022 жылы Ұлытау облысы құрылуына байланысты Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қарамағына ауысты.
Тәуелсіздік жылдары 2004 жылы ауданымыздың 75 жылдығы мен ақиық ақын Сәкен Сейфуллиннің 110 жылдығына орай жеке ғимараты беріліп 4 залдан тұратын музей ашылды.
Музейдің мақсаты: Жаңаарқа елінің, жерінің тарихын жан – жақты зерттеп, елдің тіршілігіне байланысты қол өнер дүниеліктерін, түрлі заттарды жинап сақтау, ел игілігіне – болашақ ұрпаққа үлгі өнеге ретінде көрсету. Ұлы адамдар өмірін, олардың әдебиет пен мәдениетте қалдырған іздерін, шексіз ерліктерін, данышпандықтарын жұртқа жария ету.
Музей көлемі- 301,1 ш.м, оның ішінде экспозициялық көрме залдары – 230,5 ш.м.
Cәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейі 4 залдан тұрады.
- «Көне заман тарихы» залы
- «Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы» залы
- «Жаңаарқа тарихы» залы
- «Этнография» залы