Музейде басшы болған азаматтар: 1984 – 1993 жылдары Манат Қасенова, ал 1993 жылдың соңынан 1994 жылғы тамыз айына дейін Бақтияр Көшмағанбетов басшылық етті. 1994 жылғы 10-ші қазаннан 2006 жылғы тамызға дейін Хамит Дәрібаев. 2007 жылдың 17 қаңтарынан 2019 жылғы 22 мамырға дейін музей басшысы Аманов Зәмзәм Мияшұлы. 2020 жылдың 12 тамыздан бастап музей басшысы болып Шубаев Ерболат Берікұлы тағайындалды.

Музейде қызмет істегендер: Айша Өскенбаева, Махатова Фарида, Дүйсенов Жеңіс.

Қазіргі кезеңде музейде жұмыс істеп жүрген қызметкерлер:

Күлгадиша Жангелдина Уайсқызы 17.07.1966 жылы Жаңаарқа ауданы Қызылжар стансиясында дүниеге келген. Жоғары білімді.1983 – 1987 жылы Қарағанды педогогикалық инситутының методист мамандығын алды. Еңбек жолын 1987 жылы Жезқазған қаласында балабақшасында бастады. 1991 жылы Жезқазған облыстық тарихи - өлкетану музейінде таныстырушы болып жұмыс істеді. 1993 жылдан осы уақытқа дейін Сәкен Сейфуллин атындағы тарихи - өлкетану музейінде еңбек істеп жүр.

Еңбек жолында Мәдениет – оқу бөлімінен 2006 жылы мақтау граммотасымен марапатталды. 2009 жылы 8-ші наурыз халық аралық әйелдер күнінде аудан әкімінің марапатталуына ие болды. Қарағанды облысы мәдениет басқармасының 2009 жылдың «Жылдың мұражай қызметкері» номинациясы бойынша дипломымен марапатталды. 2012 жылы мәдени мұраларды сақтап және пайдалануға мүмкіндігін қамтамасыз еткен үшін Жаңаарқа аудан әкімінің Құрмет грамотасына ие болды.

2021 жылы Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

2023 жылы Ұлытау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

2024 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Рабиға Иманова Өмірзаққызы 3.12.1962 жылы Жаңаарқа ауданы Манадыр станциясында дүниеге келген. Білімі орта арнаулы, Қаранғанды орта арнаулы колледжін бітірген, мамандығы есепші. Еңбек жолын 1980 жылы Ақтүбек селосында есепші болып бастаған.2008 жылдан бастап Сәкен Сейфуллин атындағы тарихи - өлкетану музейінде есепші болып жұмыс істейді.

Еңбек жолында 2012 жылы Жаңаарқа ауданы әкімінің марапаттауына ие болды.

2019 жылы Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

2023 жылы Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.

2024 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Утеуова Зәуреш Жағыпарқызы 18.02.1988 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Айнабұлақ ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, ҚарМТУ материалтану және жаңа материалдар технологиясы және Болашақ Академиясының «Қаржы» мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын 2009 жылдан бастады. 2010 жылдың 5 мамыр күнінен бастап Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінде уақытша қор сақтаушы міндетін атқарды.

2011 жылың қаңтар айынан бастап, Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінде күзетші қызметін атқарды.

2012 жылы қаңтар айынан бастап, Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінде суретші-реставратор лауазымына ауыстырылды.

2014 жылдың 1 шілде күнінен бастап, Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінде шаруашылық қажеттіліктерге байланысты шаруашылық бөлімінің инспекторы қызметіне ауыстырылды.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап, музейде әдіскері қызметіне ауыстырылды.

2018 жылы «Болашақ» Академиясының «Қаржы» маманы дипломын алды.

2020 жылдың желтоқсан айынан бастап музейде экскурсия жетекшісі қызметіне ауыстырылды.

Осы ұжымдағы еңбек жолында Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінің басшысынан 2 мәрте Мадақтама қағазымен марапатталды.

Жаңаарқа ауданы әкімінен «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хаты» марапаттарына ие болды.

 2019 жылдың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай «Алғыс хатпен» марапатталды.

2023 жылы Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Құрмет Грамотасымен» марапатталды.

2024 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Осы жылы Ұлытау облысы әкімінің «Үздік музей қызметкері» сыйақы және Дипломмен марапатталды.

Рымбекова Ақерке 1995 жылы 01 қаңтарда Қарағанды облысы, Жаңаарқа кентінде дүниеге келген.

01.09.2012-06.06.2016 жж. аралығында Қарағанды Мемлекеттік Университетінде оқып тәмамдады.

2016 жылы Жаңаарқа ауданының білім бөлімінде жастар тәжірибесінен өтті.

2017 жылдан 2021 жылға дейін «Жаңаарқа аудандық почта байланысы торабы» АҚ әр қызметтік лауазымында қызмет істеді.

2021 жылдан осы уақытқа дейін Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінде қызмет атқарып келеді.

Еңбек жолында 2023жылы Жаңаарқа аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды. 2024 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сәрсембеков Адай Амангельдіұлы Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінде кіші ғылыми қызметкер болып 2024 жылдың 09 қазаннан бастап жұмыс істейді.

01.09.1997-30.06.2001 жж. аралығында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде оқып тәмамдады.