Ақпан айында Сәкен Сейфуллинның туғанына 125 жыл толуына байланысты «Сәкен ел есінде» атты тақырыпта  ұстаздарға, оқушыларға экскурсия жүргізілді.





12 ақпан Сәкен Сейфуллинның туғанына 125 жыл толуына байланысты Б.Амалбеков ЖОББ мектебінде оқушылар арасында конференция өткізілді. Конференцияға Сәкен зерттеуші Ш.Әбілдин, музей таныстырушысы Е.Шубаев, мектеп басшысы, ұстаздар, оқушылар қатысты. Конференцияны мектеп ұстазы Ж.Жолдыбалина жүргізіп отырды. Оқушылар интерактивты тақта арқылы  ССейфуллиның өмірі мен шығармашылығы  туралы баяндамаларын оқыды.  Конференция арасында оқушылар С.Сейфуллинның өлеңдерін оқып, әндерін орындады. Сәкен зерттеуші Ш.Әбілдин Магаданға экспедициямен барғандағы  бастарынан өткен оқиғаларын әңгімелеп берді. Музей таныстырушысы Сәкен Сейфуллин атындағы Жанаарқа аудандық тарихи - өлкетану музейінің ашылу тарихын және Сәкен ұстаған заттары туралы айтып берді. Мектеп директоры С.Бибосынов қонақтарға өз алғысын білдіріп, оқушылардың зерттеу жұмыстары көңіл толықтыратынын, болашақта конференциялаларға қатысып жоғары жетістіктерге жете беруіне тілек білдірді. Конференция соңында естелікке ұжымдық фотосуретке түсті.







13 ақпанда  Ауған жерінен әскер шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты «Ауғанның асуында от кешкендер» атты тақырыпта ерліктерін жастарға, халыққа жария ету, болашақ  ұрпаққа үлгі өнеге ретінде көрсету мақсатында кездесу өткізілді. Кездесу С.Сейфуллин атындағы ЖОББ мектебінде өткізілді. Кездесуге ауған соғыс ардагерлері Аманбай Сағиев, Жұмагелді Текебаев, Серғали Ыдырысов, Ермек Тынысбаев, Қыдырбай Жылқыбаев,  музей және қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің қызметкерлері, мектеп ұжымы,   сынып оқушылары қатысты.   Кездесу кешін тәрбие ісінің меңгерушісі Ж.Өскенбаева жүргізіп отырды. Кеш барысында Ауған соғысы ардагерлері өз естеліктерімен бөлісіп, жастардың бейбіт өмірдің бағасын білуге шақырды. Ардагерлерімізге оқушыларымыз өлең шумақтарын арнап, интерактивты тақта арқылы фото, фильмдер көрсетілді, көкейінде жүрген сауалдарына жауап алды. Мектеп директоры Айтқожа Тұрғынбеков адагерлерімізге өз тілегін айтты Музей қор сақтаушысы: Күлғадиша Жангелдина мен Ерболат Шубаев  ардагерлеріміздің марапаттары мен фотосуреттерімен көрме ұйымдастырып, кеш қонақтары мен қатысушыларына таныстырды.  Кеш соңында ардагеріміз Тынысбаев Ермек  мектеп ұжымы мен оқушыларымызға ешқашан соғыс болмасын, жас сәбидің гүлі солмасын, аналар жыламасын, ерлеріміз жат жерде болмасын деп  Ақ батасын берді. Ардагерлерімізбен естелікке суретке түсіп, сол суреттер естелік ретінде ардагерлерімізге табысталды.

 

 

20 ақпанда Сәкен Сейфуллинның туғанына 125 жыл толуына байланысты №132 ЖОББ мектебінде ұстаз Н.Шамаеваның ұйымдастыруымен әдеби кеш өткізілді. Кешке «Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Аманжолов, ауданымыздың депутаты Н.Орынбасарова, музей таныстырушы Е.Шубаев, мектеп ұжымы және оқушылар қатысты. Кешті оқушылар жүргізіп, ССейфуллиның өмірі мен шығармашылығын айтып, өлеңдерін оқып,  әндерін орындады. Интерактивты тақта арқылы фото, фильмдер көрсетілді. Жерлесіміз дәстүрлі әнші Ержан Базарбеков онлайн арқылы Сәкеннің мерей тойымен құттықтап Сәкеннің «Біздің жақта» әнін орындап берді. «Нұр Отан» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә. Аманжолов С.Сейфуллиның бастан кешкен  қиыншылықтарын кеңінен айтып берді. Ауданымыздың депутаты Н.Орынбасарова кештің жоғары деңгейде өткендігі, оқушылардын алғырлығына ризашылығын білдірді. музей таныстырушы Е.Шубаев көрме ұйымдастырып, Сәкен ұстаған заттармен таныстырды. Мектеп директоры  М.Балабаева оқушыларға, қонақтарға алғысын білдірді.

 

Музей басшысы                                З.М.Аманов