2021 жылдың 10 желтоқсанында Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай реэкспозициядан өткен "Жаңаарқа тарихы" залының жаңартылған жаңа экспозициясының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қорабай Есенов, Жаңаарқа аудандық Маслихат хатшысы Қуат Анасұлы, Жаңаарқа ауданының ақсақалдар кеңесі, Жаңаарқа ауданының ішкі саясат бөлімі, Жаңаарқа ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық "Жаңаарқа" редакциясы, Жаңаарқа аудандық орталық кітапханасы және Жаңаарқа аудандық архиві қатысты.

"Жаңаарқа тарихы" залының ашылу салтанатына арнап, арнайы Нұр-Сұлтан қаласынан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбілхакім Ақмурзиннің ұлы Алтайбек Әбілхакімұлы келіп, құттықтау сөзін айтып, тілегін білдірді. Сонымен бірге, музей қорынан орын алатын жәдігерлерін табыстап, музей басшысы Ерболат Берікұлына шапан жапты.

Жаңаарқа тарихы" залының жаңартылған жаңа экспозициясының қызыл лентасын кесу мәртебесі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қорабай Есенов, Жаңаарқа аудандық Маслихат хатшысы Қуат Анасұлы, Жаңаарқа кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Бейбіт Байбосынұлына берілді. Ашылу салтанатының соңында музей басшысы Ерболат Берікұлы қонақтарды "Жаңаарқа тарихы" залымен таныстырып, алғысын білдірді.