14 наурыз – Амал мерекесі, Көрісу күні қарсаңында “Жаңа күнмен көрісу” Жаңаарқа музейінің қызметкерлері “Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” ММ қызметкерлерімен көрісіп, жыл басын осылайша қарсы алды. Мекеме қызметкерлері бір-бірімен қауышып, қал сұрасып, тәтті дәмділерін ұсынып, ізгі тілек, ақ ниеттерін білдірді. Бұл күннің бір-біріне амандық тілеп, саулық сұрасатын, бауырмалдық пен сыйластықты дәріптейтін ерекше дәстүр екенін атап өтті. Музей қызметкерлері арнайы алып барған дәмдерін ұсынып, ақ бата, ізгі тілектер айтылды. Мақсаты – қазақ халқының бірлігін, татулығын, үлкенге құрмет, кішіге ізеттілігін көрсететін асыл дәстүрді сақтау, оны насихаттау.







