22 наурыз күні аудан орталығында өткен Наурыз мейрамы халықтың бірлігін, дәстүр мен мәдениетті дәріптеген ерекше мерекелік шараға айналды. Ұлттық ойындар, ән мен би, ұлттық спорт ойындары сынды шарада аудандық музей қызметкерлері де арнайы көрме ұйымдастырды. Көрмеде қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін көне жәдігерлер, тұрмыстық бұйымдар, ат әбзелдері, ішіктер мен көптеген музей қорының жәдігерлері көрермендер назарына ұсынылды. Жыл басын тойлауға келген көпшілік үшін бұл көрме үлкен танымдық маңызға ие болды. Олар ата-бабамыздың өмір салтымен танысып, ұлттық мұраға деген қызығушылықтарын арттырды. Көрме арқылы келушілер тарихқа үңіліп, ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртты.
https://muzei-atasu.kz/kz/zhanaly-tar/151-22-nauryz-k-ni-audan-ortaly-ynda-tken-nauryz-mejramy.html#sigFreeId53653e2d7a






