15 наурыз Қайырымдылық күні қарсаңында “Қайырымдылық - жүректің ісі” музей қызметкерлері әлеуметтік көмек ретінде азық-түліктен қайырымдылық пакет ұсынды. Жақсылық жасау қанына біткен қазақ халқы үшін бұл күннің маңызы мен мәні зор, ерекше. Бұл күні әр адам, мүмкіндігінше кем дегенде бір жақсылық жасап, мұқтаж жандарға көмек қолын созуы қажет.