18 наурыз Ұлттық киім күніне арналған аудандық шеру фестивалі өтті. Аудан көлемінде өткен Ұлттық киім күніне арналған ауқымды шараға 500-ден астам адам қатысты. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін дәріптеуді мақсат еткен бұл шеруде ұлттық нақыштағы киім үлгілері мен сәндік бұйымдар кеңінен таныстырылды. Мерекелік шеруге аудандық музей қызметкерлері де белсене атсалысты. Олар ұлттық киімдердің тарихи мәнін, дәстүрлі қолөнердің ерекшеліктерін паш етіп, көрермендерге мәдени мұрамыздың байлығын жеткізді. Музей ұжымы өздерінің шығармашылық әрі танымдық үлесін қосып, халыққа рухани серпін сыйлады. Бұл шара ұлттық құндылықтарды дәріптеудің, жас ұрпаққа ата-баба мұрасын танытудың және қоғамда мәдени бірлікті нығайтудың жарқын үлгісі болды.