8 мамыр күні 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған ашық аспан астындағы көрме Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай “Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлік” музей қызметкерлері ашық аспан астында көрме ұйымдастырды.
Көрмеде Ұлы Отан соғысы жылдарынан сыр шертетін (каска, фляга, котелок, планшет, қалта сағаты, кружка, орден-медальдар) сынды құнды жәдігерлер орын алды.
Сондай-ақ, ҰОС ардагері, тарихшы, өлкетанушы, майдангер-ұстаз Далбай Ізтөлеуовтің музей қорындағы заттары қонақтардың назарына таныстырылды.
Бұл көрме арқылы ардагердің өмір жолы мен еңбегі таныстырылып, ол кісінің қолданған костюмі, бөрігі, орден-медальдары, көптеген құжаттары арқылы тарихи мұраға құрмет көрсетілді.
Ардагердің ерлігін дәріптеу және ел тарихындағы тұлғалардың өнегелі өмірін үлгі етуге бағытталған көрмені музейдің кіші ғылыми қызметкері Зауреш Утеуова таныстырып, толыққанды мәлімет берді. Әр жәдігердің тарихы жайлы құнды мағлұматтармен бөлісті.
Шараның басты мақсаты – соғыс ардагерлерінің ерлігін дәріптеу, жас ұрпаққа бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру және тарихи жадыны сақтау. Көрмеге келген қонақтар майдандағы жауынгерлердің өмірімен танысып, олардың ерлігі мен табандылығына тағзым етті.