30 мамыр күні қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай музей қабырғасында тағылымды шара өтті.
Шараға Алматыдан ат терлетіп келген, қуғын-сүргін құрбаны болған Сағындық тегі Уаш Жүптібайұлының немересі Рашидбек Зәкиұлы ұрпағымен, ауданның ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Абжанов, ақсақалдар кеңесінің мүшелері - Таласбаев Рамазан, Әбілдин Шахизада, Жұмажанов Жұматай ақсақалдар, Мәдениет саласының үздігі, зейнеткер Зәмзәм Мияшұлы, "Жаңаарқа" газеті редакциясының басшысы Салтанат Аманқызы мен аудандық архив қызметкерлері Алматы мен Астанадан арнайы келген қонақтармен кездесу ұйымдастырып, тарихи тақырыптағы ой-пікірлер ортаға салынды.
Рашидбек Зәкиұлы - атасы, қуғын-сүргін құрбаны болған Сағындық тегі Уаш Жүптібайұлының өмір жолы жайлы баяндап, мағлұмат берді. Өзінің өмірбаянымен таныстырып өтті. Ел тарихындағы ауыр кезеңдерді еске алу арқылы, болашақ ұрпаққа тағылымды әңгімелер айтылды. Дөңгелек үстел аясында қатысушылар саяси қуғын-сүргін жылдарының ауыр зардаптары мен ел тарихындағы орны жайында пікір алмасты.
Шара соңында қонақтар аруақтардың рухына арнап Құран оқып, дұға жасады.
Бұл басқосу өткеннің қасіретін ұмытпай, болашақ ұрпаққа тағылым беруді мақсат етті.
https://muzei-atasu.kz/kz/zhanaly-tar/165-tarikh-ta-basy-aza-standa-y-sayasi-u-yn.html#sigFreeIdb645a67ac3






