22 қыркүйек күні Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінде Жаңаарқа аудандық полиция бөлімімен бірлесе «Жас сақшы» оқушылар тобының қатысуымен пікірталас және ашық алаң ұйымдастырылды.
Бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыру, заңға құрметпен қарауды қалыптастыру және тәртіп сақшыларының қоғамдағы рөлін түсіндіру болды.
Пікірталас барысында оқушылар заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызы туралы ой бөлісіп, өз көзқарастарын білдірді. Полиция қызметкерлері жастарға құқықтық сауаттылық, азаматтық жауапкершілік және қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес берді.
https://muzei-atasu.kz/kz/zhanaly-tar/169-za-men-t-rtip-o-am-tiregi.html#sigFreeIdf28f1728fc






