23 қыркүйек күні музей қызметкерлері Еңбек күніне орай және Еңбек Ері Ыдырыс Жұмабековтың 100 жылдығына байланысты ауданға қарасты М.Жұмажанов атындағы ауылдық округіндегі Жаңаарқа негізгі мектебіне жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Мақсаты – халықтың ардақты перзенті Ыдырыс Жұмабековтің өнегелі өмір жолын, елге сіңірген еңбегін жас ұрпаққа кеңінен таныстыру, еңбек адамының бейнесін дәріптеу болды.
Көрме барысында оның суреттері мен ордендері, шапаны, қол сағаты көпшілік назарына ұсынылды. Әрбір жәдігер көрермендерге Жұмабековтің қарапайым еңбеккерден халық құрметіне бөленген тұлғаға айналған өмір жолын айшықтап көрсетті.
Оқушылар мен ұстаздар, ауыл тұрғындары көрмеге белсенді қатысып, еңбек ерінің өмірінен сыр шертетін жәдігерлермен танысты.
https://muzei-atasu.kz/kz/zhanaly-tar/171-e-begi-el-esinde.html#sigFreeId39882ca815






