24 қыркүйек күні музей қабырғасында әлем чемпионы Қанат Байшолақовтың туғанына 65 жыл толуына орай тағылымды іс-шара өтті.
Бұл күні ауданның ақсақалдар кеңесінің төрағасы - Амангелді Абжанов, ақсақалдар кеңесінің мүшелері - Рамазан Таласбаев, Шахизад Абильдин, Амантай Нығатаев, әлем чемпионының туысқан інісі - Жасұлан Сайранұлы Байшолақов, Мәдениет саласының үздігі - Балтабай Қызыров, “Ұлттық спорт” мектебінің жаттықтырушылары мен оқушылары, “Барыс” спорт клубының жаттықтырушылары мен оқушылары, аудандық архив мекемесінің бөлім басшысы - Күлжазира Жакупова, орталықтандырылған кітапхана жүйесінің маманы - Жанагул Адилова бас қосып, чемпионның өмір жолы мен спорттағы жетістіктерін еске алды.
Іс-шара аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда Қанат Байшолақовтың спорттағы табандылығы, еңбекқорлығы және жеңіске деген жігері кеңінен талқыланды. Қатысушылар оның ел спортына қосқан үлесін, жас буынға қалдырған өнегесін ерекше атап өтті. Әңгіме барысында спортшының халықаралық аренадағы жеңістері, Қазақстанның атын әлемге танытқан сәттері жайлы деректер келтірілді