Ұстаздар күніне орай Ақтайлақ негізгі орта мектебінде ерекше тағылымдық мәні бар жылжымалы көрме ұйымдастырылды.
Бұл көрмеде ұстаздық қызмет атқарған, өлкетанушы әрі Ұлы Отан соғысының ардагері Далбай Ізтілеуовтің музей қорында сақталған жеке заттары көпшілік назарына ұсынылды.
Көрме барысында ұстаздың өмір жолы мен еңбегі жайлы мағлұмат беріліп, оның мәдени бұйымдары арқылы тұлғаның тағылымды мұрасы таныстырылды. Далбай Ізтілеуовтің ұстаздық қызметі мен елге сіңірген еңбегі жас ұрпаққа үлгі ретінде көрсетіліп, білім мен тарихқа деген құрметті арттыруға бағытталды.
Бұл шараның басты мақсаты – ұстаздың өнегелі өмірін дәріптеу, жас буынға еңбектің қадір-қасиетін ұғындыру және тарихи мұраға деген құрметті қалыптастыру.
Көрме арқылы оқушылар ұстаздың тұлғалық болмысын тереңірек танып, оның ел игілігіне қалдырған мұрасының маңызын сезінді.