Қазақ Ордасының ханы, батыл қолбасшы Абылай ханның 315 жылдық мерейтойына орай музейде «Қазаққа қорған болған хан Абылай» атты көрме мен танымдық дәріс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында келушілерге Абылай ханның өмір жолы, ел тәуелсіздігі мен бірлігін сақтаудағы тарихи рөлі, көреген саясаткер әрі батыр қолбасшы ретінде атқарған қызметі жан-жақты таныстырылды.
Дәріс барысында ханның қазақ мемлекеттілігін нығайтудағы еңбегі туралы кеңінен айтылып, тарихи деректер мен құнды мәліметтер ұсынылды.
Көрмеде Абылай ханның портреттері, тарихи әдебиеттер мен танымдық материалдар қойылып, келушілерге таныстырылды.
Шараның мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық тарихымызды насихаттау, ел тарихындағы ұлы тұлғалардың мұрасын дәріптеу және отансүйгіштік құндылықтарды қалыптастыру.
https://muzei-atasu.kz/kz/zhanaly-tar/180-aza-a-or-an-bol-an-khan-abylaj.html#sigFreeIdf168fb5dc3






