Қаңтар айында Қазақ хандығының құрылғанына 555 жыл толуына байланысты «Қазақ хандығы»   атты тақырыпта мектеп ұстаздарына, оқушыларға, келушілерге экскурсия жүргізілді.

17 қаңтар музейдің «Дара тұлғалары» залында  ғалым, академик Ғабдолла Құлқыбаев туғанына 80 жыл толуына байланысты  бұрыш ашылды. Ашылу салтанатына мектеп ұстаздары, оқушылар, зиялы қауым  қатысты. Музей басшысының м.а. К.Жангелдина академик Ғабдолла Құлқыбаевтың  елімізге  сіңірген еңбегі туралы кеңінен айтып өтті. Музей таныстырушысы Е.Шубаев академик Ғабдолла Құлқыбаевқа  ашылған бұрышпен таныстырып, басқа залдарға экскурсия жүргізді. Келген қонақтар музей қызметкерлеріне  өз алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.

25 қаңтар күні   музей кеңес мүшелерімен «Келелі кеңес, жарқын жүздесу» атты тақырыпта сұхбатты К.Жангелдина жүргізді. Кездесуге музей  кеңес мүшелері Аманкелді Әбжанов,  Қайролла Әбеуов,  Бейбіт Хасенов, Жарұлла Шайхин, Орақбай Мұхамеджанов, Тұрсынбек Ақтаев, Мэлс Ахмедин, қоғамдық белсеңділер,  музей қызметкерлері қатысты. Музей басшысының м.а. К.Жангелдина  2019 жылы атқарған жұмысы туралы, 2020 жылы атқаратын жұмысы туралы есебін берді.

Слайд арқылы 2019 жылы жиналған жәдігерлер көрсетілді. Зейнеткер Қайролла Әбеуов музей жанынан ашық аспан музейді болашақта ашу үшін қазірден  бастап жәдігерлерді жинау керек деп ұсынысын білдіріп, ардагер ұйымы өз көмегін беретінін айтты. А.Әбжанов ауылдық жерлердегі ауыл ақсақалдарынан жәдігер жинау, ауданымыздан шыққан тарихи деректер туралы көмек берулерін сұрау керек деді. Кеңес мүшелері басқада өз кеңестерін беріп, 2020 жылы музейдің атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі. Музей басшысының м.а.  К.Жангелдина кеңес мүшелеріне өз алғысын білдірді.

 

Музей басшының м.а.                                  К.У.Жангелдина