Ақпан айында Қазақ хандығының құрылғанына 555 жыл толуына байланысты «Қазақ хандығы» атты тақырыпта мектеп ұстаздарына, оқушыларға, келушілерге экскурсия жүргізілді.

13 ақпан күні  Ауған жерінен әскер шығарылғанына 31 жыл толуына байланысты «Ерлігі елге мұра »  атты тақырыпта ерліктерін жастарға, халыққа жария ету, болашақ  ұрпаққа үлгі өнеге ретінде көрсету мақсатында Ауған ардагерлеріне бұрыш ашылып, көрме өткізілді. Көрмеге   С.Сейфуллин ЖОББ мектебінің  оқушылары, ұстаздар, музей қызметкерлері қатысты.  Музей  таныстырушысы Е.Шубаев Ауған жерінде соғыстың басталу себебін айтып, Ауған соғыс ардагерлеріне ашылған бұрышқа тоқталып, ардагерлер  Тыныспаев Ермек, Әбішев Сұлтанбек, Жандосов Ораз,  Ионов Владимир өмірбаяндарын, жасаған ерліктерін кеңінен айтып өтті. Оқушылар  музейдің залдарын тамашалады.