19 ақпан күні музейде музей ұжымының ұйымдастыруымен "Әлем таныған Абай" атты көрме және О.Жұмабеков атындағы ЖОББ мектебінің ұстазы Садвакасова Салтанат ұйымдастыруымен "Абай Алаштың - Темірқазығы" атты тақырыптағы әдеби-кеш өтті. Бұл шараға 9, 10,11 сынып оқушылары, ұстаздары, Жаңаарқа аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, архив маманы және музей ұжымы қатысты.

Кулгадиша Уайсқызы Жангелдина кездесуді ашып, сөз кезегін музей таныстырушысы Ерболат Берікұлы Шубаевқа берді. Ерболат Шубаев Абай Құнанбайұлына арналған көрмеге қойылған Абай Құнанбаевтың 160 жылдық мерейотйына тарту ретінде музейге берілген кілемше, 1903 жылы отбасымен, 1896 жылы  Абай ұлдары Ақылбай,Тұрағұлдармен түскен фото суреттермен таныстырып, Ұлы Әбдірхманның өмірбаянына тоқталып,  Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын жазғанға дейін басынан өткізген қиыншылықтары туралы баяндады. Кітап көрмесінде Абайды әлем Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы арқылы таныды деп  кітаптарымен таныстырып,  оның ішінде қара сөздерін мәнерлеп оқыды.   Ұлы ақын Абай Құнанбайұлына әлемдегі қойылған ескерткіштері туралы слайд арқылы көрсетілді.

Қазақ тілі және қазақ әдебиетінің ұстазы Садвакасова Салтанат сөз кезегін алып, өзі оқушыларымен ұйымдастырған шараны жалғастырды. "Әке мен бала" диалогы арқылы Құнанбай мен Абай қарым қатынасы, "Абайдың білімге деген құштарлығы", "Абай туралы он дерек", "Абай әлемге танымал", "Егемендік сарын Абай дәуіріндегі өзекті мәселе", "Абай мен Шәкәрім", "Абай Алаштың - Темірқазығы", "Абайдың соңғы күндері", "Абайдан Абайтануға дейін", "Абай, Ренессанс - Мәңгілік ел", Абайдың қара сөздері бөлімдері арқылы өмірі және шығармашылығымен таныстырып, Тренинг сұрақ-жауап сайысы өткізілді. Абай өлеңдерін оқушылар мәнерлеп оқып, 9 сынып оқушысы Аружан Серік күй тартып, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін 9 сынып оқушысы Ажар Бекенова шырқады.

Келген қонақтарға сөз беріліп, Жаңаарқа аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері Құндыз Жәкенова оқушыларға өз ризашылығын білдіріп, тілегін айтты.

Музей басшысы Кулгадиша Уайсқызы Жангелдина шараға қатысқан оқушыларды мадақтама қағазымен марапаттап, Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» жазылған кітапша сыйға беріліп, ұстазы Садвакасова Салтанатқа Алғыс білдіріп, сыйлықтар табыс етті.

Кездесу көпшілік естелік суретпен аяқталды.