13 мамыр күні 15 мамыр – отбасы күніне орай және 2022 жыл «Балалар жылы» жариялануына байланысты біздің музей ұжымы мен аудандық Жасөспірімдер кітапханасының бірлесуімен «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында эстафеталық сайыс өтті. Отбасы – адам өміріндегі ең жақын әлеуметтік орта. Әсіресе, баланың азамат, тұлға болып қалыптасуындағы басты негіз болып табылады. Осыған орай ұйымдастырылған сайыс спорт түрінде өтті. Мақсаты – балаларды аз да болса ептілік пен икемділікке баулып, денелерін шынықтыру, денсаулықтарын нығайту. Спорт және дене шынықтыруға деген қызығушылықтарын арттыру. Ойын ойнату арқылы отбасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту. Сайысқа үш отбасы балаларынан құралған 3 топ қатысты. Қызығушылық пен танымдылықтан құралған ойын бес кезеңді қамтыды. Эстафеталық сайысқа ойынның әділ бағасын берер әділқазылар да тағайындалды. Таныстыру, қаппен секіру, түрлі қимылдар жасау арқылы бөгеттерді өту, асық ату, доппен ойын сынды т.т. ойындар өтті. Ойын соңында әділқазылар жеңімпазды анықтап, жүлделі орындары аталып, балаларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды.
https://muzei-atasu.kz/kz/zhanaly-tar/123-otbasy-ba-yt-mekeni.html#sigFreeIdb1d8aa1421