18 мамыр күні Халықаралық Музей күніне орай музейде «Музей – тарих пен тағылымның ордасы» тақырыбында музей қызметкерлерінің түрлі кейіпке еніп жүргізген қызықты экскурсиясы өтті. Бұл күні барлығы төрт залды қамтыған музейдің алғашқы – «Көне заман тарихы» залында музей басшысы Шубаев Е. – атақты күйші-композитор Сайдалы Сары Тоқа бейнесінде келушілерді қарсы алды. Көне заман айғақтарынан бастап, батырлар, күйшілер, сал-серілер т.б. таныстырып, қызықты экскурсия жүргізді. Келесі «Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы» залында Сәкеннің жары Гүлбаһрам бейнесінде музей әдіскері – Рымбекова А. оқушылар мен келушілерді қабылдап, Сәкеннің отбасы, өмір жолы, шығармашылығымен таныстырды. «Жаңаарқа тарихы» залында ауданға еңбегі сіңген қайраткер Ә.Оспанова бейнесінде – музейдің қор сақтаушысы – Жангелдина К.У. болды. Ауданның құрылуынан бастап, көне жәдігерлерге, атақты тұлғалардың өмірбаяндарына экскурсия жүргізді. Келесі «Этнография» залында Утеуова З.Ж. қазақ қызының ұлттық киімін нақыштау мақсатында ұлттық киімде келушілерді қарсы алды.
Халқымыздың ежелде қолданған, көне тұрмыстық қолданыстағы дүниелерін, ұлттық бұйымдар, киіз үй жабдықтары, ат әбзелдері сынды т.б. көптеген жәдігерлермен таныстырып, әрқайсына жіті тоқталып, оқушылардың қызығушылықтарын тудырды. Көне заттарды қолдарымен ұстап, жұмыс жасап көруге мүмкіндік берді. Экскурсияны мұндай тәсілде жүргізудің бірден-бір себебі – музей келушілерін қызықтыра отырып, өлкенің тарихымен таныстыру, тарихты насихаттау болды.
https://muzei-atasu.kz/kz/zhanaly-tar/125-muzej-tarikh-pen-ta-ylymny-ordasy.html#sigFreeId9d07b802c9