18 мамыр күні Халықаралық музей күніне орай Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Музей-тарих қоймасы, өмір айнасы» тақырыбымен музей күнін атап өтті.
Бұл күні музей алдына ұлттық бұйымдар ағаштан жасалған табақтар, киіз үй жабдықтарынан тұратын ашық аспан астында көрме өткізілді. Музей келушілеріне арнайы дастархан жайылды. Сонымен қатар, мектеп оқушылары бұл музей күніне арналған іс-шараға мектеп оқушылары шақырылды.
Оқушылар арасында ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырды. Сайыс мақсаты – музей құндылығын, музей ісін көпшілікке таныту, ұлттық ойындарды насихаттау арқылы мәдени-патриоттық тәрбие беру.
https://muzei-atasu.kz/kz/zhanaly-tar/131-muzej-tarikh-ojmasy-mir-ajnasy-ta-yrybymen-muzej-k-ni.html#sigFreeId199152ff3d