2026 жылдың 6 ақпан күні қазақтың “мұзбалақ ақыны” Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінде “Ғасыр ақын Мұқағали Мақатаевқа 95 жыл” тақырыбында музейлік сабағы ұйымдастырылды. Музейлік сабақты әдіскер Ақерке Рымбекова Сәкен Сейфуллин атындағы ЖББ мектебінің оқушыларына өткізді.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру; ақынның өлеңдері арқылы ұлттық рухты, тілге деген сүйіспеншілікті арттыру; шығармашылық қабілеттерін дамыту, әдеби талдау дағдыларын жетілдіру.
Музейлік сабақта Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны мен шығармашылық және еңбек жолына талдау жасалып, оқушылар ақынның өлеңдерін оқыды.
Оқушылармен бірігіп ақиық ақынның өлеңдеріне талдау жасады. Бірнеше кезеңдерден тұратын “сұрақ-жауап” интеллектуалды тапсырмалар орындалды. Сабақ соңында оқушылар өз пікірлермен бөлісті. Іс-шара соңында көпшілік естелік суретке түсіп, музей залдарына экскурсия жүргізілді.