2026 жылдың 12 ақпан күні Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінің “Жаңаарқа тарихы” залында ауған жерінен кеңес әскерінің шығарылғанына 37 жыл толуына орай “Ауған соғысы жүректегі жара” тақырыбында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге Е.Тынысбаев, С.Әбішев, Ә. Бекетаев, Б.Башкенов, Қ.Әбілқасымов соғыс ардагерлері, архив маманы К.Жакупова, Сәкен Сейфуллин атындағы ОКЖ қызметкерлері А.Тұрдалы, Н.Нұржан және Б.Амалбеков атындағы ЖББ мектебінің оқушылары қатысты. Кездесуді музей қор сақтаушысы К.У.Жангелдина жүргізді.
Кездесуді соғыста қаза тапқан сарбаздардың рухына арнайы 1 минуттық үнсіздікпен басталды. Музей басшысы алғы сөзді алып, Жаңаарқа ауданынан соғысқа аттанған жауынгерлер туралы айтып өтті. Сонымен қатар, ауған соғысы тарихы туралы бейнеролик кездесуге келген қонақтардың назарына ұсынылды.
Кездесуге кітапхана әкелген “Уақыт бізді таңдады” кітап көрмесімен Н.Нұржан таныстырды. Музей экскурсия жетекшісі З.Утеуова ауған соғысының ардагері болған Бек Нақыпов өзі ұстаған заттары медаль, төсбелгі, марапаттарынан қойылған көрмесімен келген қонақтарға таныстырып өтті. Архив маманы К.Жакупова Жаңаарқа ауданының ауған соғыс ардагерлеріне қатысты архивтік құжаттарымен таныстырды.
Кездесу барысында Б.Амалбеков атындағы мектеп оқушылары өз өлеңдерін ардагерлерге оқып берді.
Кездесуге келген ардагерлер соғыста бастан кешкен оқиғаларымен бөлісіп, оқушылар қойған сұрақтарға жауап берді.
Кездесу соңында ардагерлерге естелікке сый беріліп, көпшілік фотосуретпен аяқталды.