16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні “Ғасырлар бойы қалыптасқан құндылығым” ерекше форматта өтті. Бұл мерекеге Ұлытау облысы Полиция департаменті Жаңаарқа ауданы Полиция бөлімі Жаңаарқа музейі қызметкерлерімен бірлесе атсалысып, тағылымды шара ұйымдастырды. Шара барысында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін музей қорындағы тарихи жәдігерлер келген қонақтардың назарына таныстырылды. Полиция қызметкерлері өз кезегінде ұлттық салт-дәстүрді сақтаудың қоғамдағы тәртіп пен бірлікті нығайтудағы маңызын атап өтті. Музей қонақтары қазақ халқының тұрмыс-салтынан сыр шертетін бұйымдармен танысып қана қоймай, оқушылардың дәстүрлі ән-күйлерін тамашалады. Мәдениет пен тәртіптің үндестігін сезініп, рухани байлыққа қанықты. Бұл күн полиция бөлімі мен музей ұжымының бірлестігі арқылы халыққа мәдени мұра мен ұлттық дәстүрдің қадірін жеткізген тағылымды мереке ретінде есте қалары сөзсіз.
https://muzei-atasu.kz/kz/zhanaly-tar/145-16-nauryz-m-deniet-zh-ne-ltty-salt-d-st-r-k-ni.html#sigFreeId311c95b0fe






