16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай МСО қызметкерлері мен музей ұжымы бірлесе отырып мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Бұл басқосу халықтың бай рухани мұрасын дәріптеп, ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіруді мақсат етті. Іс-шара барысында қонақтар қазақ халқының сал-серілері, салт-дәстүрлері, қолөнер үлгілері және ұлттық ойындары жайлы сөз етіп, оқушыларға терең мағлұмат берді. МСО қызметкерлері мен музей ұжымы бірлесе өткізген бұл күн қатысушыларға ұлттық мәдениеттің тереңдігін сезіндіріп, дәстүрге деген құрметті арттырды. Шара соңында қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, өнерпаздардың орындауындағы ән мен күйді тамашалады.
Бұрымын өріп, дәстүрін сақтаған қыздарымыз – мәдениетіміздің жалғастырушысы. Мәдениет және салт-дәстүр күні осындай құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпаққа жеткізуде музейдің қор сақтаушысы Жангелдина К.У. Б.Амалбеков атындағы тірек мектебінің 5-сыныбының бұрымды қыздарына музейлік сабақ өткізді. Сабақ барысында Қыз балаға қатысты дәстүрлер, қыз баласының киімі, әшекей-бұйымдары, өзің-өзі ұстау әдебі мен мәнері сөз етілді. Әрбір қыздың тәрбиесі, жүріс-тұрысы, киім киісі, сөйлеу мәнері – халықтың мәдениеті мен салт-дәстүрінің көрінісі екенін үйретіп, қыз балаларға арналған тағылымды шара жоғары дәрежеде көрініс тапты.
https://muzei-atasu.kz/kz/zhanaly-tar/146-16-nauryz-m-deniet-zh-ne-ltty-salt-d-st-r-k-nine-oraj.html#sigFreeId7dcbcb1e89






