17 наурыз – Шаңырақ күніне орай музей қызметкерлері аудан тұрғындарына арнайы сауалнама жүргізді. Бұл сауалнама арқылы халықтың ұлттық құндылықтарға деген ықыласы, мерекені атап өтуге байланысты ой-пікірлері анықталды. Мақсаты - тұрғындардың пікірлерін жинақтап, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасылық дәстүрлерді сақтау және қоғамдық шаралардың мазмұнын байыту болды. Сауалнамаға белсенді қатысқан барлық тұрғындарға музей қызметкерлері арнайы дайындалған тәттілер ұсынып, шынайы алғысын білдірді!