19 наурыз - Жаңару күні биылдан бастап цифрлық трансформация тақырыбына арнау ұсынылған. Осы мақсатта Жаңаарқа музейі "Этнография" залындағы жасанды интеллект көмегімен жасалған жәдігерлердің таныстырылымы ұйымдастырылды. Заманауи технология арқылы қайта бейнеленген тарихи мұралар мен мәдени құндылықтар халқымыздың бай тарихын жаңа қырынан көрсетеді. Бұл таныстырылымның мақсаты – өткенді ұмытпай, болашаққа қадам басу, ұлттық мәдениетімізді жаңа технологиялар арқылы дәріптеу. Жаңару күніне арналған осындай тың бастама халқымыздың рухани байлығын сақтап қана қоймай, оны жас ұрпаққа заманауи үлгіде жеткізудің жарқын мысалы болып табылады. Бұл күн – табиғаттың қайта түлеп, жаңа өмірдің бастауын білдіретін ерекше мереке. Жаңару – тек табиғаттың ғана емес, адамның рухани дүниесінің де жаңғыруы.