20 наурыз Ұлттық спорт күні қарсаңында музей қабырғасында оқушыларға арналған іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күні жас жеткіншектер қазақ халқының дәстүрлі ойындарымен танысып қана қоймай, өздері де белсене қатысып, ұлттық спорттың қызығын сезінді. Қол күрес, асық ату, бес асық, арқан тарту сияқты ойындар оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың ептілігін, ой ұшқырлығын және бірлікке деген ынтасын шыңдады. Музей қызметкерлері әр ойынның тарихы мен маңызы туралы қысқаша мәлімет беріп, ұлттық мұрамызды дәріптеудің маңызын түсіндірді. Мақсаты - оқушылардың бойында ұлттық рухты оятып, ата-бабамыздан қалған асыл дәстүрді бағалауға, спортқа деген сүйіспеншілікті арттыруға ықпал ету.