Музей қабырғасында Чернобыль АЭС апатына 40 жыл толуына орай ардагерлермен тағылымды кездесу кеші өткізілді. Бұл шараға апат салдарын жоюға қатысқан ардагерлер: Мұсабеков Жүсіп, Белгібеков Бауыржан, Торғаев Қанат, Даулетов Жаппас, Ибрагимов Мұрат қатысты. Ардагерлер ұйымының төрағасы - Амангелді Абжанов, Жаңаарқа аудандық төтенше жағдайлар қоғамдық ұйымының төрағасы - Аян Сүлейменов, №06 аудандық өрт сөндіру және құтқару бөлімінің командирі - Алпыспаев Бексамат әріптестерімен, МСО қызметкері, әнші - Балтабай Қызыров, аудандық архивтің бөлім меңгерушісі - Жакупова Гүлжазира мен архив маманы - Динара Аманкелдіқызы, Сәкен Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері, №1 мектеп-лицейінің кітапханашысы Алтын Берікқызы оқушыларымен кеш қонағы болды. Кеш барысында ардагерлер сол бір ауыр кезеңнің естеліктерімен бөлісіп, өздерінің жанқиярлық еңбектері мен ерлік жолдарын баяндады. Олардың әңгімелері жас ұрпаққа үлкен сабақ болып, отансүйгіштік пен жауапкершілік сезімін арттырды. Балтабай Қызыров домбырада әсем күй орындап, оқушылар өнер көрсетті. №06 аудандық өрт сөндіру және құтқару бөлімінің командирі Алпыспаев Бексамат арнайы көрмелерін көпшілікке ұсынды. Төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын құрал-жабдықтар, өрт сөндіру техникасы, қорғаныс киімдері мен тарихи фотоматериалдар қойылды. Қатысушылар өрт сөндірушілердің күнделікті қызметі мен қауіпті жағдайларда атқаратын ерлік істерімен танысты. Жастарға қауіпсіздік ережелерін сақтау, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету жөнінде кеңестер берілді. Архив қызметкерлері тақырыптық баяндама оқып, құжаттарымен таныстырды. Кітапхана қызметкерлері "Чернобыль - адамзат есіндегі қасірет" көрмесін көпшіліктің назарына ұсынса, музей қызметкері Адай Сарсембеков музейдің "Чернобыль апаты - ғасыр дерті" арнайы көрме материалдарын таныстырып, тарихи деректер мен фотосуреттерді көрсетті. Қатысушылар Чернобыль апатының адамзат тарихындағы орны мен маңызын терең түсініп, ардагерлерге алғыс білдірді. Кеш соңында музей басшысы Ерболат Берікұлы сөз алып, Чернобыль апатына қатысқан ардагерлердің ерлік жолына тоқталды. Олардың жанқиярлық еңбегін ерекше атап өтіп, жас ұрпаққа үлгі боларлық өнегесін жеткізді. Ардагерлерге көрсетілген құрметтің белгісі ретінде музей басшысы арнайы алғыс хаттар ұсынып, естелік сыйлықтар табыстады.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - тарихты еске алып қана қоймай, бейбіт өмірдің қадірін бағалауға, өткеннің ауыр сабақтарын ұмытпай, болашаққа жауапкершілікпен қарауға шақыру.
ния к ветеранам руководитель музея вручил благодарственные письма и памятные подарки.
Цель круглого стола — не только вспомнить историю, но и ценить мирную жизнь, не забывая тяжелые уроки прошлого, и смотреть в будущее с ответственностью.