7 мамыр – Отан қорғаушылар күні "Айбынды ұлан - Айбат" мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай "Еңсесі биік - Ұлы Жеңіс" музей қызметкерлері ауданға қарасты Қараағаш ауылы, Қараағаш негізгі мектебіне арнайы жылжымалы көрме ұйымдастырды.

Көрмеде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлардың ерлігін айғақтайтын жәдігерлер, жауынгерлердің әскери өмірін бейнелейтін экспонаттар қойылды.

Қазақстанда орын алған ең ірі әрі қанды оқиғалардың бірі "Қаңтар оқиғасында" қаза тапқан жерлесіміз Аманов Айбаттың жеке заттарынан көрме оқушылардың назарына ұсынылды.

Бұл іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа ел қорғаған батырлардың ерлігін дәріптеу, олардың рухын сезіндіру және Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. Жылжымалы көрме арқылы оқушылар тарихпен жақын танысып, бейбіт өмірдің қадірін түсініп, ел қорғаушыларға құрмет білдірді.