Сәкен Сейфуллин атындағы ОКЖ “Ер есімі-ел есінде” 7 мамыр Отан қорғаушылардың мерекесіне орай өткізілген мерекелік кеште аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері “Қаңтар оқиғасында” қаза тапқан жерлесіміз Аманов Айбаттың жеке заттарынан көрме ұйымдастырды.
Көрме барысында оқушылар мен қонақтарға, әріптестерге Айбаттың өмір жолы мен тағдырлы оқиғасы таныстырылып, оның жеке заттары арқылы ел тарихындағы ауыр кезең туралы мағлұмат берілді. Қордағы әр жәдігер тарихы таныстырылды.
Сонымен қатар, музей әдіскері Ақерке Рымбекова “Отан қорғаушылардың ерлігі” тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама барысында сонау өлкемізден шыққан батырлардан бастап, ұлт-азаттық көтеріліс, Ұлы Отан соғысы мен Ауған, Чернобыль, Тәжік-Ауған соғысы жайлы, ондағы сарбаздар мен жауынгерлер, батырларымыздың ерліктері туралы кеңінен мағлұмат берді. Қазақстанда орын алған ең ірі әрі қанды оқиғалардың бірі “Қаңтар оқиғасы” жайлы айта өтіп, баяндама соңын көрмемен ұштастырды. Сөз соңында жас ұрпақты патриоттық рухқа, елін қорғауға дайын болуға және бейбіт өмірдің қадірін түсінуге шақырды.
Шара мақсаты - жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеуге, тарихи жадыны сақтауға және ел қорғаушылардың ерлігін құрметтеуге бағытталған.
.
https://muzei-atasu.kz/kz/zhanaly-tar/156-ajbyndy-lan-ajbat-k-rmesi.html#sigFreeIdb533303c36






