18 мамыр күні музей қабырғасында өткен дәстүрлі Музей түні аясында ерекше мерекелік шара ұйымдастырылды.
Шарамызға арнайы қонақ етіп Ұлытау облысы Полиция департаменті Жаңаарқа ауданы Полиция бөлімі басшысының орынбасары Молдабаев Азамат Өркентайұлы бастаған қызметкерлерімен, №6 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау капитаны Ерденбай Ернар Қайроллаұлы бастаған әріптестерімен, С.Сейфуллин атындағы ОКЖ қызметкерлері және де Жаңаарқа аудандық архив қызметкерлері бас қосып, қызықты ойындар мен танымдық жарыстарға қатысты.
Интеллектуалды ойындар, танымдық сұрақтар және замануи әрі бүгінгі таңда трендте жүріп жатқан ойындар ойнап, өзара сайысқа түсті. Қатысушыларға тарихи жәдігерлермен танысу мүмкіндігі беріліп, ойындар арқылы білім мен мәдениетті ұштастыруға жағдай жасалды. Мерекелік кеш көңілді әрі мазмұнды өтіп, қонақтарға әсем ән мен тәтті күй сыйлады.
Кеш соңында қонақтар ізгі-тілек, әсерлерімен бөлісіп, музей басшысы Ерболат Берікұлы қатысушы қонақтарды алғыс хатпен марапаттады. Музей қонақтарына мерекелік дастархан ұсынылып, барлық қатысушылар естелік суретке түсті.
Шараның басты мақсаты – қоғамдағы әртүрлі қызмет саласының өкілдерін мәдени ортада біріктіру, халыққа музейдің рухани қазынасын таныстыру және ойын арқылы достық пен ынтымақты арттыру болды. Ойындар арқылы музейдің тек өткенді сақтайтын орын емес, жастарды шабыттандыратын заманауи кеңістік екенін көрсету.