23 мамыр күні облыс орталығы Жезқазған қаласында өткен мерекелік шарада бірқатар қызметкерлердің еңбектері бағаланып, музей қызметкерлері де мәдени мұраны дәріптеудегі табанды еңбектері үшін марапатталды.
Мәдениет қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында музейдің кіші ғылыми қызметкері Зәуреш Утеуова, әдіскері Ақерке Рымбекова - Ұлытау облысы әкімінің “Алғыс хатымен” марапатталды.
Музей қызметкерлері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында музей қызметкерлерінің еңбегі лайықты бағаланып, аудан әкімі Қанат Қожықаевтың арнайы алғыс хатымен марапатталды.
Атап айтқанда, Ибрайбекова Анар Өмірзаққызы, Сарсембеков Адай Амангельдиевич, Қожанов Темірлан Ерланұлының кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігі атап өтіліп, қызметкерлердің мәдени мұра мен тарихты дәріптеудегі табанды еңбегінің, қоғамға рухани байлық сыйлаудағы үлесінің айғағы болды.
Марапаттау рәсімі барысында музей қызметкерлерінің еңбегінің жас ұрпаққа тағылымды тәрбие беруге зор ықпал ететіні айтылды.
Мерекелік шара барысында марапат иелерәне арналып әсем әндер орындалып, кеш соңы естелік суретпен тәмамдалды.
Бұл марапат музей ұжымын жаңа жетістіктерге жетелеп, мәдениет саласындағы ортақ мақсаттарға ынталандыра түсетініне сенім білдірілді.
Әріптестерімізге осы жолда атқарған еңбектеріңіз әрдайым абыройлы болып, жаңа жетістіктерге жетелей берсін деп тілек білдіреміз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыстарға жетіп, музей ісін дамытуға үлес қоса беріңіздер! Шығармашылық шабыт, сарқылмас күш, әрдайым көтеріңкі көңіл-күй мен мықты денсаулық тілейміз!
https://muzei-atasu.kz/kz/zhanaly-tar/162-21-mamyr-m-deniet-zh-ne-ner-yzmetkerler-k-nine-marapattau.html#sigFreeIdb377b57f39






