Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, халық ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай музей қызметкерлері №1 мектеп-лицейінде арнайы дәріс ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқушыларға ақынның өмір жолы, шығармашылық мұрасы және қазақ әдебиетіне қосқан үлесі кеңінен таныстырылды. Музей қызметкерлері Қасымның жырларындағы елдік пен ерлік рухын, оның поэзиясының терең философиялық мәнін, ұлттық сана мен мәдениетке тигізген ықпалын мазмұнды түрде баяндады.
Дәріс барысында ақынның өлеңдерінен үзінділер оқылып, оның шығармалары арқылы жас ұрпаққа отансүйгіштік, адалдық, қайсарлық сияқты қасиеттерді дәріптеу, ұлттық әдебиеттің құндылықтарын жеткізу, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру көзделді.
Осылайша, Қасым Аманжоловтың 115 жылдығына арналған мектеп дәрісі – ақын мұрасын дәріптеудің, ұлттық рухты жаңғыртудың және жас ұрпаққа өнеге көрсетудің маңызды шарасы болды.